"Әр турист білуі керек". Қонақүйден алуға рұқсат етілген екі зат аталды

Канададағы Travel Off Path медиа-агенттігінің директоры, блогер, саяхатшы Кашли Кучеран демалыстан кейін үйге кетерде қонақүйден алуға болатын екі нәрсені атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі travel.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

Блогердің сөзінше, ең алдымен, қонақүйден тәпішкені алып кетуге болады. Өйткені олар қайта пайдаланылмайды. Бұл қарапайым аяқ киімге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы болғандықтан, ұшақта ауыстырып алып, жеткенше киіп баруыңызға болады.

Сондай-ақ Кашли Кучеран душқа арналған бас киімдерді өзіңізбен бірге алып кетуге болатынын атап өтті. Айтуынша, бұл ретте шашты қорғау үшін ғана емес, аяқ киімді салып алу үшін де қолдануға болады. Сонда багажыңызға аяқ киімді салғанда таза заттарыңыз ластанбайды.

Бұдан бөлек саяхатшы өзіңізбен бірге сусабын, кондиционер, душқа арналған гельді, сондай-ақ шай мен кофе пакеттерін алуыңызға болады дейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!