Алматылықтар "Медеу" мұз айдынында маска тағуға міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты мен "Медеу" мұз айдыны ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты мен "Медеу" мұз айдыны ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 қарашада "Шымбұлақ", ал 19 қарашада "Медеу" мұз айдыны жұмыс істейді.

"2020 жылғы 19 қарашадан 30 қарашаға дейін "Медеу" спорт-сауықтыру орталығы және 2020 жылғы 16 қарашадан 30 қарашаға дейін "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының сынақ режимінде жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Әр сеанс кезінде "Медеу" мұз айдынының бір уақыттағы сеансы - 500 адамнан аспауы керек, ал "Шымбұлақ" курортының жобалық қуаттылығы 30 пайыздан артық болмауы тиіс", - делінген Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында.

"Медеу" әкімшілігі мұз айдынында маска тағу керегін атап өтті.

"Мұз айдыны аптасына 7 күн демалыссыз жұмыс істейді. Жұмыс күндері үш сағаттан үш сессия болады. Демалыс күндері екі сағаттан төрт сессия болады.

Сонымен қатар, біз бөлмелерді мұқият тазалау үшін үзілістің ұзақтығын 1,5 сағатқа дейін арттырдық.

"Медеуде" кассалар жұмыс істемейді, билеттер тек онлайн сатылады. Бір сессияда ең көп дегенде 500 адамды қабылдаймыз.

Коньки күніне бір рет пайдаланылады, кейін олар санитарлық өңдеуден өтеді.

Мұз айдынында барлық қозғалыс тек бір бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Баға мәселесіне тоқталайын. Осы жылғы міндетіміз - демалыс және мереке күндері келушілердің санын азайту. Сондықтан баға өткен жылдардан өзгеше болады. Бізге шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда біз қазақстандықтардың денсаулығы бәрінен маңызды екенін түсінеміз", - дейді спорт ғимараттары дирекциясының директоры Наиль Нұров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная