Аэрофобиядан оңай құтулыудың жолы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com/Grey_Coast_Media © elements.envato.com/Grey_Coast_Media

Әуеге көтерілуден қорқатын туристер ұшу кезінде телефондағы керегі жоқ суреттерді өшіру арқылы қорқынышын ұмыта алады екен. Мұндай кеңесті Reddit форумының пайдаланушылары өзара бөлісіп отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әуеге көтерілуден қорқатын туристер ұшу кезінде телефондағы керегі жоқ суреттерді өшіру арқылы қорқынышын ұмыта алады екен. Мұндай кеңесті Reddit форумының пайдаланушылары өзара бөлісіп отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жауапта алдымен психолог көмегіне жүгінген жөн екені айтылған, алайда ұшуға аз ғана уақыт қалса, телефонды тазалауға кірісу адамның ойын бөлетіні айтылған.

"Медитация мен тыныс алу еш пайдасыз деп ойлаймын, ол сізді ішіңіздегі паникаға үңілдіре түседі. Ал ескі суреттерді ақтарып, керегі жоғын өшіру ойды бөледі. Оның үстіне көптен көрмеген кейбір қымбат суреттер өткен қуанышыңызға қайта оралтады. Сонымен қоса, ұшар алдында анаңыз немесе сүйіктіңізбен хабарлама алмасу да жақсы көмектеседі", - деп жазыпты желіні пайдаланушылардың бірі.

Ал өзге пайдаланушы, ұшар кезде бұлшық етті тырыстырып, қайта босатып отыру арқылы жүйке жүйесін тыныштандыруға болатынын жазыпты. Мұндай кеңесті оған психолог берген екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная