FlyArystan қолжүк тексерісін күшейтті

Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы жолаушыларды отырғызу алаңында қолжүк тексерісін күшейткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуетасымалдаушының Instagram желісіндегі ресми аккаунтында ақпараттық ролик жарияланды, онда екі немесе үш сөмкемен ұшаққа кіру кезінде "қолжүгін жасырмаудың" маңыздылығын айтты. Компания өкілдері қолжүк ережелерін сақтау неліктен маңызды екенін айтты.

"Бір дана қолжүгі - неліктен? Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және әр жолаушының қолжүгі жоғарғы сөреде орналасуына кепілдік береді. Себебі, рұқсат етілген қолжүгінен бөлек кішігірім заттар сөреде көбірек орын алады. Ол басқа жолаушылардың қолжүгінің орналасуына қиындық туғызады", - делінген видео сипаттамасында.

Сонымен қатар, компаниядағылар қолжүгікке не багажға көбірек орын алғыңыз келсе онлайн режимінде тапсырыс бере аласыз, өйткені әуежайда бұл қызмет үшін сіз көбірек төлейсіз.

"Ерте сатып алу - үнемдеу" қағидасы тек билеттерге ғана емес, сонымен қатар жолжүк немесе борттағы тағам сияқты қосымша қызметтерге де қатысты. Әуежайға келмес бұрын жолжүкті/үлкейтілген қолжүгіңізді онлайн түрде сатып алуға (тек салмағы үшін) кеңес береміз. Себебі, бұл әуежайда тіркеу кезінде сатып алғаннан екі есе арзан болады, ал тіркеу кезінде сатып алынған жолжүк/үлкейтілген қолжүк отырғызу алаңында (бортқа кірмес бұрын) сатып алғаннан екі есе арзан болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, отырғызу алаңында қолжүк тексерісі күшейтілген.

"Неліктен отырғызу алаңына қолжүктің ережеден тыс артық салмағымен өтпеуге кеңес береміз? Сіздің қолжүгіңіз отырғызу кезінде міндетті түрде тексерілетіндіктен, арзанырақ алдын ала сатып алуға болатынын ескеріңіз. Тіркеу кезінде, әсіресе отырғызу алаңында артық төлем жасамау үшін, әуежайға келгенге дейін қолжүк немесе жолжүкті алдын ала рәсімдеңіз", - дейді компания өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FlyArystan ✈️ (@flyarystan)

Желі қолданушылар бұл хабарламаға әртүрлі пікір білдірді.

"Барлығы тек қауіпсіздік үшін. Егер сіз көбірек ақы төлесеңіз, онда біз қауіпсіздікке көз жұмамыз", "Дұрыс шешім, кейбір азаматтар біреудің жайлылығын ескермей, матрас көлеміндей заттарды алып жүргісі келеді", "Болашақта пакетпен ұшатын боламыз", - деп жазды Желі қолданушылары пост астына.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!