Pinterest Predicts мәліметіне сәйкес 2024 жылы оффроуд қазіргі саяхаттың басты трендіне айналады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DesertNews басылымына сілтеме жасап.
Pinterest Predicts сарапшыларының болжамына сәйкес саяхатшылар бұрын адам аяғы тимеген жерлерді тануға тырысып, жолы жоқ мекендерді бағындыруға тырысады. Аталған тренд өзіне бумерлер мен Х буынының назарын аудартып қана қоймай, оффроуд-саяхаттың эстетикасы мен өмір сүру салтын қалыптастыратыны сөзсіз.
Оффроуд - бұл өзіңнің навигациялық дағдыларыңды тексеруге және ұмыт болып бара жерлерді зерттеу мүмкіндік беретін саяхат түрі. Дегенмен, саяхат барысында қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті жабдық қажет екенін ескеру керек. Ең әуелі мықты көлік, сенімді шина және жоғары клиренсті қамтамасыз еткен жөн.
Сонымен қатар Pinterest Predicts сарапшылары соңғы кезде арнайы кемпинг құрал-жабдықтарын қажет ететін "оффроуд-кемпингіне" қызығушылықтың артып келе жатқанын айтады. Олар оффроуд үшін ең жақсы орын - арнайы белгісі бар жалғыз аяқ жолдар екенін атап өтті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!