Қонаевта жаңа жағажай ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қонаевта жаңа жағажай ашылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қонаевта жаңа жағажай ашылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Қонаевта 140 туристік нысан жұмыс істейді. 2023 жылы шомылу маусымында 1,2 миллион турист келсе, биыл 1,3 миллион демалушыны қабылдау жоспарланған.

Қонаев әкімдігі мәліметінше, бүгінде қалада бесінші қалалық жағажай абаттандырылған.

"Жағажайға кіру құны – бір көлікке 1000 теңге. Нысан бюджет қаржысына салынған. Бұл жағажайдың жалпы аумағы 2,7 гектар болады. Мұнда футбол, воллейбол, воркаут, балалар ойын алаңдары, үстел теннисі орнатылған. Суға түсу орны мен дәретхана, шатырлар, пирс, жасыл аймақ, бизнес нысандары, балалар бассейні, автотұрақ та бар. Құтқарушыларға арналған 2 орын қойылған", - делінген хабарламада.

Жағажайдың келбетін шағын сәулеттік нысандар келтіріп тұр. Инженерлік желілер тартылып, халыққа қолайлы жағдай жасалған.

Бұдан бөлек, қаладағы №6 және №7 жағажайларды абаттандыру жоспарланған. Ал №8 жағажай инвесторлар қаржысына салынып, аттракциондар паркіне айналмақ.

Суреттер: Қонаев әкімдігінің баспасөз қызметі

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная