Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қолжеткізді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстан Сьерра-Леоне деп аталатын Африка мемлекетімен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында құжаттарға қол қойған.
"Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды”, – делінген Сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.
Айта кетейік, Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Сьерра-Леоненің астанасы – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!