Саяхат Time 28 маусым 2024 10:36

Қазақстандағы туристік агенттіктердің қара тізімі: не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Кейде қазақстандықтар туристік саланың жосықсыз қызметкерлері кінәсінен жағымсыз жағдайларға тап болады. Алаяқтар азаматтарды алдап, демалыссыз қалдырып, қаржылық шығынға ұшаратады. Біз Қазақстанда осы саладағы компаниялардың қара тізімі бар-жоғын білуді шештік. Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.


Кейде қазақстандықтар туристік саланың жосықсыз қызметкерлері кінәсінен жағымсыз жағдайларға тап болады. Алаяқтар азаматтарды алдап, демалыссыз қалдырып, қаржылық шығынға ұшаратады. Біз Қазақстанда осы саладағы компаниялардың қара тізімі бар-жоғын білуді шештік. Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

Тілші Туризм және спорт министрлігіне жүгініп, олар қазіргі уақытта туроператорлар мен туристік агенттіктердің ресми "қара тізімі" жоқ екенін хабарлады. Дегенмен ведомствоға көптеген арыз-шағым түседі.

"Негізінен уәкілетті органға туристерден жалған компаниялар немесе жеке тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне қатысты шағымдар түседі. Алаяқтар туристерге іс жүзінде жоқ демалыс виллаларын беріп, әлеуметтік желілерде демалыс аймағының жалған суреттерін қолданып алдайды. Өз кезегінде, алаяқтық белгілері бар жағдайлар анықталған кезде Туризм индустриясы комитеті өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдайды", - деп хабарлады ведомство.

Қазақстандықтарға алаяқтыққа жол бермеу үшін компаниялардың құжаттарын мұқият тексеруге кеңес беріледі.

"Туризм индустриясы комитеті мемлекеттік органның сайтында азаматтар туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттік қызмет туралы хабарламаның бар-жоғын және туроператор лицензиясының бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжаттарды сұрату қажеттігі туралы ақпаратты тұрақты түрде жраиялап тұрады. Айта кету керек, комитет ресми түрде туроператорлар мен туристік агенттіктердің қара тізімін жүргізбейді", – деді министрлік өкілдері.

Бірақ туристік агенттіктерді тексерудің жолы бар. Сондықтан, "қара тізімнің" жоқтығына қарамастан, қазақстандықтар Туризм индустриясы комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында белгілі бір туроператордың бар-жоғына күмән туындаған жағдайда тексеру арқылы өздерін қорғай алады.

Онда туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының өзекті тізілімдері жарияланады. Бұл тізілімдер саяхатты ұйымдастыру үшін сенімді серіктес таңдауға көмектеседі. Мысалы, туроператорлар мен жалға алушы туроператорлардың тізімін мына сілтемеден табуға болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!