Астанада туристер ең көп келетін орын аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/aqorda_resmi

Астана мәслихатының депутаты Кендебай Адамбеков туристер үшін Астанадағы ең танымал орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана мәслихатының депутаты Кендебай Адамбеков туристер үшін Астанадағы ең танымал орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Депутат көп шетелдік турист TripAdvisor сияқты туристік сайттардың және басқа да қосымша рейтингтерін қарайтынын атап өтті. Бұл сайттардың рейтингі бойынша "Хазрет Сұлтан" мешіті туристер үшін ең танымал орынға айналған.

"Шетелдік туристер әдетте осындай веб-сайттарға немесе туристік қосымшаларға кіріп, бұл тізімді көреді. Бұл тізімде "Хазірет Сұлтан" мешіті, "Астана Опера", Ұлттық музей, "Бәйтерек" монументі, "Хан Шатыр", "Бейбітшілік пен келісім сарайы" және Астана жағалауы сияқты ең танымал орындар белгіленеді", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл сайтта бір миллионнан аса пікір бар.

Айта кетейік, Астанада "Хазірет Сұлтан" мешітінің құрылысы 2010 жылғы қазанда басталған болатын. Бес мың орынға есептелген ол 11 гектардан аса аумақта орналасқан. Ғимараттардың ауданы 17 700 шаршы метр болады. Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Оның негізгі күмбезінің биіктігі 51 метр, диаметрі 28,1 метр. Төрт мұнараның әрқайсының биіктігі 77 метр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная