Алматыда туристерге тау маршруттарының картасы шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда тауға шыққанды ұнататын адамдар үшін тау маршруттарының атлас–картасы мен арнайы брошюра шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Алматыда тауға шыққанды ұнататын адамдар үшін тау маршруттарының атлас–картасы мен арнайы брошюра шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда тау маршрутының атласы мен картасы жарық көрді.

"Енді Алматының шыңдарын бағындыру әлдеқайда оңай әрі қауіпсіз болмақ! Тау маршрутының атласы: 5 ең танымал маршруттың сипаттамасы, жабдықтар бойынша кеңестер және қауіпсіздік ережелері; Кіші және Үлкен Алматы шатқалдары бойынша ыңғайлы навигация; қауіпсіз сапарға арналған тәжірибелік кеңестер; кез келген жорыққа арналған чек-парақ", - делінген хабарламада.

Барлық материал Visit Almaty ақпарат орталықтарында және мына сілтеме бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегін қолжетімді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel