Алматыда халықаралық әуежайдағы такси жүргізушілеріне қатысты жағдай шешілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ жеке кәсіпкердің Алматы Полиция департаменті басшылығына жазған алғыс хатын жариялады.
"Әуежай аумағында тәртіп қалпына келтіріліп, адал такси жүргізушілерінің абыройына нұқсан келтірген немқұрайлы жеке такси жүргізушілеріне қатысты мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қазақстан полициясында осындай қамқор мамандар қызмет етіп жатқанына өте қуаныштымын", – деді автор.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайының жаңа терминалында такси тарифтері көрсетілген тақта пайда болады. Бұл Желіде дау тудырған болатын. Қазақстандық Алматы әуежайындағы таксилерге қатысты жағдай туралы видео жариялап, Қазнет назарын аударды. Толығырақ материалда.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!