Вакцинацияға арналған электрон паспорт: екпе салдырмағандарға шетелге шығуға тыйым салына ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанда вакцинацияға арналған электрон паспорт енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі ол не үшін енгізілгенін және қазақстандықтар вакцинацияға арналған электрон паспортсыз шетелге шыға алу-алмауын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда вакцинацияға арналған электрон паспорт енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі ол не үшін енгізілгенін және қазақстандықтар вакцинацияға арналған электрон паспортсыз шетелге шыға алу-алмауын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталатынын айтты. Ол үшін электронды есеп жүргізу жоспарланып жатыр, яғни вакцинацияның электрон паспорттары енгізілмек.

"Вакцинацияға арналған электрон паспорт - профилактикалық екпе салынғаны туралы құжат. Ол жерде адам қандай препарат қабылдағаны, қандай мөлшерде және қай күні, сонымен қатар, екпеден кейін пайда болған қандай да бір белгі шыққаны туралы ақпарат тұрады. Адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғаннан кейін ол туралы ақпарат жақын уақытта eGov mobile қосымшасында шығады. Екпе алған адам туралы ақпарат және екінші вакцинаны қашан салдыруы керек туралы ақпарат болады", - дейді Нұршай Әзімбаева. 

Вакцина екі кезең бойынша салынады. Екінші кезең бірінші екпені салғаннан кейін 21 күннен соң салынады. 

Сонымен қатар, ДСМ өкілі Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарға қандай да бір шектеу енгізіле ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап берді. 

"Бәлкім болашақта кей елдер профилактикалық екпе алмаған адамдарға шектеу енгізуі мүмкін. Бұл болашақтағы әңгіме. 

Бірақ бүгінде біздің елде екпе салдырмағандарға қандай да бір шектеу енгізу жоспарланып жатқан жоқ", - деді Әзімбаева. 

Оның айтуынша, электрон паспорт үшін қосымша қаражат бөлінбеген, себебі жүйе қолданыстағы базаға енгізілмек. 

Нұршай Әзімбаева вакцина салатын медицина қызметкерлері алдын ала дайын болатынын айтты. Олардың оқуы 22 қаңтарда басталады. 

ДСМ өкілінің сөзінше, вакцина салдыру еркін түрде болады. Кез келген адам одан бас тартуға құқылы. 

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізілетінін хабарлаған болатын. 

Министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді. Сондай-ақ Цой вакцинациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная