Вакцина салдырған қазақстандықтар Қырғызстанға ПТР-сынақсыз кіре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек, Қырғызстан. Фото ©Shutterstock Бішкек, Қырғызстан. Фото ©Shutterstock

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар вакцина салдырған туристерді ПТР-тестің теріс нәтижесінсіз Қырғызстанға жібермейді дегенге алаңдап отыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар вакцина салдырған туристерді ПТР-тестің теріс нәтижесінсіз Қырғызстанға жібермейді дегенге алаңдап отыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Туризм департаменті директорының орынбасары Қиял Кенжематованың айтуынша, қазір Қырғызстан 19 елдің, соның ішінде Қазақстанның вакциналау төлқұжатын мойындайды.

"Мен Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестеріммен хабарласып, біздің республикамыз мойындаған вакциналар туралы сұрадым. Маған "бүгінгі күні бар вакциналардың барлығын мойындаймыз" деп жауап берді. Сондықтан біз барлық вакцина салдырған туристерден ПТР-тест талап етпей, соның ішінде QazVac-пен де өткіземіз", - деді Қиял Кенжематова.

Сондай-ақ, Туризм департаменті директорының орынбасары вакцина паспортының кез келген форматы: электронды және қағаз түрінде болсын жарамды екенін атап өтті.

Туризм департаментінің өкілі шағым түскен кезде қырғызстандық шекарашылар қазақстандық вакцина паспортының қандай екенін білмеуі мүмкін екенін, сондықтан қазақстандықтарды өткізбеген болуы мүмкін екенін растады. Бірақ, оның айтуынша, 30 маусымнан бастап Шекара қызметінде төлқұжаттың үлгісі бар және мұндай жағдай енді қайталанбайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная