Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Вакцина салдырғаны туралы мәлімет министрліктің орталықтандырылған ақпарат жүйесіне электрон форматта енгізіледі. Мәліметті пациент және медицина қызметкері m-gov қосымшасында өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі", - деді Цой Үкімет отырысында.
Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді.
Сондай-ақ министр вакцинациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын түсіндірді.