Вагондар қашан жаңартылады? ҚТЖ шағымдарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Қазақстандықтар вагондардың жағдайына жиі шағымданады. Олар қашан жаңартылады? Бұл сұраққа ҚТЖ баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар вагондардың жағдайына жиі шағымданады. Олар қашан жаңартылады? Бұл сұраққа ҚТЖ баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар вагондары паркін жаңарту бойынша кезең кезеңімен жұмыс жүргізіп жатыр.

"Соңғы 10 жылда парк 50 пайызға жаңартылды. Осы уақыт ішінде 1200-ден аса вагон сатып алынды. 2023 жылы парк отандық өндірістің 102 заманауи вагонымен толықтырылды, 2024 жылдың бірінші тоқсанында тағы 50 вагон қойылды. Жаңа вагондар Атырау – Маңғыстау, Ақтөбе – Атырау, Павлодар – Түркістан және Астана – Семей теміржол бағыттары бойынша жүреді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2024 жылы тағы 157 жолаушылар вагонын сатып алу жобасын қаржыландыру мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу жоспарланып отырғаны айтылды.

"Сонымен қатар, 2022 жылы Stadler технологиясының 537 жолаушылар вагонын сатып алу туралы келісім жасалды. 2030 жылға дейін олар пайдалануға беріледі. Бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ жылжымалы құрамының паркінде 2 157 вагон бар, оның 1317 – стандартты вагондар, 732 – "Тальго" вагондары және 108 – электр-дизель пойыздарының вагондары", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная