22 маусымда Алтынемел ұлттық паркінде жаңа визит-орталықтың ашылды. Осы орайда арнайы "ҮЙI" жобасы іске қосылады.
"ҮЙI" жобасын назарларыңызға ұсынамыз - бұл "Faenomen" шығармашылық агенттігімен ынтымақтастықта құрылған, "Алтынемел", "Аюсай" және "Шарын" визит-орталықтарының бірлескен жобасы.
"ҮЙІ" жобасының графикалық романдарының сериясы Басшы ауылының кіреберісінде орналасады. Бұл жер "Алтынемел" ұлттық паркінің басты қақпасы деп аталады. Жобаның тұсаукесері 26 маусымға жоспарланған.
Жоба аясында біз ұлттық парктердегі мінез-құлық мәдениетін өзгерту арқылы, табиғатқа ықыласпен және құрметпен қарау қажеттілігіне көңіл бөлеміз.
"ҮЙI" жобасы табиғи экожүйелерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске сала отырып, қоғаммен диалогқа түседі. Науқан батыл және кей уақытта үрей тудыратын көрнекі бейнелер арқылы адамдардың табиғатқа деген немқұрайды қарым-қатынастарына назар аудартады. Жоба көрермендерде эмоционалды реакция тудыруға тырысып, оларды өз әрекеттерінің теріс әсерін ұғынуға шақырады", - дейді жоба авторлары.
"ҮЙI" (орыс тілінде "ДОМ" ) - ұлттық табиғи парктердегі экожүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың бірегей түрлері: таңғажайып гүлдер мен ағаштар, сирек кездесетін жәндіктер, құстар, бауырмен жорғалаушылар және сүтқоректілердің мекендеу ортасының ұжымдық бейнесін құрайтын термин.
"Қоғам ұлттық парктердегі туризмді тұтынушы ретінде, нақтырақ айтқанда, тек адамдар үшін жасалған ойын-сауық орындары ретінде қабылдауға дағдыланған. Білместік пен немқұрайды қарым-қатынас шуыл, жарық, қоқыспен ластау, шөп жамылғысын таптау, ағаштарды кесу сынды көптеген мәселелердің себебіне айналды. Өкінішке орай, жойылып кету қаупі төнген жануарлардың қырылуы мен қолдан жасалған өрттер туралы соңғы жаңалықтар табиғатқа этикалық қатынастың жоқтығы аса қауіпті екенін дәлелдейді. Адамның қолынан жасалған залал, көбінесе табиғи аумақтарды үйлесімді қалпына келтіруге қажетті шектен асып, оларды қирау мен құлдырауға ұшыратады. Жобаның негізгі мақсаты - келушілердің ішкі рефлексиясын ояту және оларды табиғатта қалыптасқан мінез-құлық әдеттерін өзгертуге ынталандыру", - дейді инсталляция авторлары.
Инсталляция бізді визуалды метафора арқылы осы жағдаяттарды қайта саралауға шақырады. Ұсынылған бейнелерде "табиғи үйдің" тұрғындары адам қолымен жасалған айла-шарғылардың құрбаны болып, адамдардың экожүйеге теріс әсер етуін сипаттайды. "ҮЙI" жағдайды басқа жағынан қабылдау арқылы туристерде табиғат пен оның тұрғындарына залал келтірмеуге деген талпынысты оятуы мүмкін екендігін баяндайды. Бұл - мәселені ұғыну және табиғатпен үйлесімді демалыс құндылықтарын дамытатын, экотуризм қағидаларын насихаттау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
"Жалпы жұртшылық үшін 3 ұлттық паркте орыс және қазақ тілдерінде барлығы 9 постер дайындалды. Табиғатқа қамқорлық жасау үшін бізге, табиғатты қорғау қозғалысына қосылыңыз және осы маңызды хабарды өз әлеуметтік арнаңызда таратыңыз", - дейді табиғат жанашырлары.
"ҮЙI" жобасы туралы қосымша ақпараттар әлеуметтік медиа-платформаларда ұсынылатын болады.
Жобаның бас серіктесі Kaspi.kz
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!