Үшарал әуежайы пайдалануға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөл. Фото ©Shutterstock Алакөл. Фото ©Shutterstock

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңартылғаннан кейін Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңартылғаннан кейін Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда негізгі жұмыс түрлері, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2 700 м дейін ұзарту және рульдеу жолын кеңейту аяқталды. Жетісу облысының әкімдігі мердігерлік ұйыммен бірлесіп жоба бойынша қалған жұмыстарды іске асыруды жалғастырып жатыр.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді.

Әуекомпаниялар Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастады. Рейстерді SCAT әуе компаниясы CRJ2 әуе кемелерінде (50 орындық) жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс жиілігімен, қалған уақытта 7 рейс орындайтын болады.

Билет құны - 15 000тг және 16 000 теңге. Ұшулар осы жылдың 15 тамызынан басталады, сондай-ақ Үшарал - Талдықорған бағыты бойынша "Жетісу" әуекомпаниясы осы жылдың 11 тамызынан бастап жазғы маусымда 28 рейс жиілігімен, қалған кезеңде 14 рейс орындайды. Ұшулар сыйымдылығы 19 орындық L-410 ұшақтарында орындалатын болады. Билет бағасы - 8 000 теңге.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная