Ұшақтағы жолаушыларды үрмелі траптар арқылы эвакуациялау видеоға түсіп қалды

Стокгольмдегі Арланда әуежайында Краковқа бет алған Ryanair ұшағының салоны ұшыр алдында түтей бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Aviation24 сайтына сілтеме жасап.

Шамамен 189 жолаушы апаттық сырғымалар арқылы тез эвакуацияланды. Куәгерлер түсірген және желіде тараған видеолар саяхатшыларды эвакуациялау үшін үрмелі траптар қажет болғанын көрсетті. Әуе компаниясы ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Куәгерлер оқиға кезінде әуе кемесінің ішінде жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілердің де белсенді қатысқанын атап өтті. Қазір құзырлы органдар түтіннің шығу себебін анықтау үшін тергеуді бастады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!