Ұшақта балалы әйелдің әрекеті стюардессаны ауруханадан бірақ шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Ұшақта балалы әйелдің бассыз әрекеті америкалық United Airlines әуекомпаниясының бортсерігін ауруханадан бірақ шығарды. Оқиғаның мән-жайын New York Post (NYP) басылымы жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшақта балалы әйелдің бассыз әрекеті америкалық United Airlines әуекомпаниясының бортсерігін ауруханадан бірақ шығарды. Оқиғаның мән-жайын New York Post (NYP) басылымы жазды.

Газет тілшілерінің мәліметінше, оқиға 13 қарашада Сан-Францискодан Чикагоға ұшатын рейсте болған. Әуе кемесі төмендей бастағанда сәби ұстаған әйел орындықтар арасына тұрып, экипаж мүшелерінен ұшақтың қай жерде келе жатқанын дауыстап сұраған. Бортсеріктер саяхатшыны тынышталдырмақ болып, орнына отырғызғысы келген, осы кезде әйел адам ашуланып, әйекомпания қызметкерлеріне айғайлай бастаған.

Оқиғаның нақты қалай өрбігені айтылмайды, алайда ұшақ Чикагоның О'Хара халықаралық әуежайына қонған кезде әуе лайнерін полицейлер күтіп тұрған.

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Сан-Франциско - Чикаго рейсінде шу шығарған әйелді алып кеткен, сондай-ақ стюардессалардың бірі ауруханаға жеткізілген", - дейді әуетасымалдаушы компанияның баспасөз қызметінің өкілдері.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная