Ақтау тұрғындары облыс орталығының әуе айлағы үстінен бірнеше сағат бойы айналып ұшып жүрген FlyArystan әуекомпаниясы рейсіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Ақпаратты нақты уақыт режимінде әуе кемелерінің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін Flightradar24 сервисінің деректері де растады. Оған сүйенсек, FlyArystan әуе кемесі KS1365 рейсі әуеде ұзақ айналған.
Ақтау халықаралық әуежайы тұрғындардың алаңдаушылығына жауап беріп, әуе кемесінің әрекетіне қатысты пікір білдірді.
"Бұл оқу-жаттығу рейсі, ұшақ пен рейс нөмірі радарда көрсетілген", - деді әуежай өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!