Маңғыстау өңіріндегі тағы бір көрікті жер - Ұсақ шатқалы. Ол Ақтаудан бір сағаттық жерде орналасқан. Мұнда өзіңізді бейне бір қазына іздеушідей сезініп, небір ерекше фотосуреттерге түсе аласыз. Бұл жер туристерді несімен қызықтыратыны жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі ұсынған матриалдан біле аласыз.
Ұсақ шатқалы Ақтаудан 115 шақырым және Қошақ шығанағынан тоғыз шақырым жерде орналасқан. "Ұсақ" сөзі "уақ" сөзінен шыққан, ал бұл жерге қатысты "таяз су" дегенді білдіреді. Расында да, ғалымдардың айтуынша, бұл жерлерде ертеде мұхит болған, кейінірек құрғақшылықта су деңгейі біртіндеп төмендеген.
Шатқалда өзі аттас каньон бар. Ерекше рельеф су деңгейінің біртіндеп өзгеруіне байланысты қалыптасқан. Аңғар бойымен әртүрлі күрделі пішіндегі көптеген жеңіл тастар шашырап жатыр. Экскурсия жетекшісі Александра Данилевская жергілікті табиғат жайлы былай дейді:
"Алып мұнараларға ұқсайтын қызыл ойпаттар тізбегі, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 13 шақырымға созылып жатқан каньон бар. Және, әрине, мұхит дәуірінен қалған жергілікті тоғайды айтуға болады. Осыған ұқсас тағы бір тоғай Ұсақтан 50 шақырым жерде, Ақмыш шатқалында бар".
Ұсақ шатқалы. Фото @aktau_city_tour
Фотограф Виталий Шуптар Instagram парақшасында 2017 жылы Ұсақ шатқалын аралағаны жайлы баяндайды.
"Біз бұл жерге күтпеген жерден Новоалександровский бекінісінің қирандыларында кездескен Ақтаудан келген геокешерлердің кеңесімен келдік. Ұсақ шатқалы біздің жоспарымызда жоқ еді, ақтаулықтар бір кездері Тетис мұхитын мекендеген теңіз фаунасының тасқа айналған қалдықтарын табуға болатын жер туралы айта бастағанда "алтын безгек" сәулесі экспедиция қатысушыларының көзінде жарқ етті. Бір күннен кейін біз Ұсаққа жеттік, ол жерде үш сағаттай дамылдауға тура келді, өйткені миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген акуланың тісін табу ісіне қарсы тұру мүмкін емес. Көп болғаны - соғұрлым жақсы!" жазады ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Экскурсия жетекшісі Александра Данилевская туристердің Ұсақ шатқалында қабыршақтар мен тістерді үлкен қызығушылықпен жинайтынын айтады: бұған заңмен тыйым салынбаған, бірақ туристер үшін бұл ерекше қуаныш.
Шатқал бойында көне жәдігерлер, акула тістері, әртүрлі аммониттер шашылып жатыр. Палеонтолог Владимир Ярцев сұхбатында Маңғыстауды палеонтологиялық мұражай деп атауға болатынын айтты. Бұл қайталанбас жер экскурсия жетекшілері үшін асыл қазына болып табылады.
"Мұндай олжалар жағалаудың барлық жерінде кездеседі, ал кейбіреулері -мемлекеттік деңгейде. Мен ихтиозавр қаңқасының омыртқасын таптым. Өте ірі түрі. Кәсіби палеонтологтың айтуынша, оның ұзындығы 12-13 метр болған. Қазір ол Ақтау мұражайында. Мен палеогендік дельфин, қылыш балықтың қаңқасы мен тістерінің сынықтарын да таптым. Онда көптеген ұсақ олжалар - тістер, аммониттер, қазба жануарлар қаңқаларының сынықтары бар", - дейді Владимир.
Ұсақ шатқалынан табылған заттар. Фото @aktau_city_tour
Ұсақ шатқалына жақын - Ақеспе шатқалы
Александра Данилевскаяның айтуынша, Ұсақ шатқалына ұйымдастырылған турлар алыдмен солтүстікке қарай бес шақырым жерде орналасқан Ақеспе шатқалына баруды қамтиды. Табиғат миллиондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Ақеспе щатқалының бор түзілімдері аппақ ғаламшарда жүргендей сезім тудырады.
"Географиялық тұрғыдан алғанда, бұл екі түрлі шатқал және оларды Мырзатай таулары бөліп тұр. Мұнда көк аспан аясында ақ бор жартастарда фотосуреттер әлдеқайда әдемі шығады. Олар күн сәулесіне жарқырап, бейне бір сиқырлы көрінеді", - дейді гид.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Маңғыстауда қорық қобдишасындай табиғаттың сан алуан көрінісі жинақталған. Сан түрлі қазба байлыққа бай жері, ежелгі жануарлардың сүйегі мен тісі болсын, қалдықтарға, тіпті Тетис мұхитындағы акулаларға дейін бай, - деп жазады туристердің бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызық дерек
Ұсақ пен Ақеспе шатқалынан алыс емес жерде қаңырап қалған Абаста порты бар, онда режиссер Бахтиер Худойназаров түсірген "В ожидании моря" фильмінің декорациясы орналасқан. Фильмде сусыз қалған балықшылар туралы айтылады. Басты кейіпкер Марат, балық аулайтын қайық капитаны он жылға бас бостандығынан айырылады. Ал үйіне қайтып келсе, ауыл жоқ, теңіз жоқ, тек жалаңаш дала қалған.
Заброшенный порт посреди Мангистауcкой степи, порт Абаста это декорации к фильму "В ожидании моря"
— proAktau (@ProAktau) April 10, 2021
Фото и видео: https://t.co/S0auStxtxd#aktau #mangistau #актау #мангистау pic.twitter.com/2IgpECd2gj
Туристік агенттік директоры Юлия Федотова Ұсақ шатқалында турлар мен бағалар туралы егжей-тегжейлі жауап берді.
"Бұл жерлердегі туристерге түрлі бағдарламалар, жайлы автобустармен бір күндік тур, шатырларда түнейтін джип-турлар ұсынылады. Таңғы сегізде шығып, кешкі сегізде жетеді. Мысалы, Ақеспе мен Ұсақ шатқалына бару үшін бағасы бес мыңнан алты мыңға дейін барады. Егер бұл джип тур болса, онда баға өзгереді, ол сіз таңдаған қашықтыққа, бағдарламаға және бағытына байланысты. Бағасы бір күнде бір джип үшін 80 000-нан басталады. Бір көлікке үш адамнан отырғызамыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Біз топтық турларды жиырма орындық автобуспен жүзеге асырамыз. Бір күндік он екі сағаттық экскурсияға тамақтану кірмейді. Егер бұл екі-үш күндік турлар болса, тамақтануды туристік агенттік саяхатшымен келісе отырып ұйымдастырады. Түнгі шатырлар беріледі. Сонымен қатар, туристердің жайлылығы үшін шағын душ та бар.
Ұсақ шатқалында шатырда түнеуге болады. Жалғыз нәрсе, қауіпсіздік мақсатында, адасып қалмас үшін бір емес, екі немесе одан да көп көлікпен шығу керек. Түнгі аспан, айналадағы тыныштық пен сұлулық - бұдан артық не болуы мүмкін!", - дейді гид.
Қалай жетуге болады?
Ақтау қаласынан Ақтау-Форт-Шевченко тас жолымен шығамыз. 43-ші шақырымға дейін барамыз. Магистраль бойында шақырымды көрсететін тіректер орнатылған, оңға қарай бұрылыс болады.
Содан кейін ешқайда бұрылмай, түзу жүру қажет. 88-ші шақырым, бұл Таушық ауылының маңында. Бағыт - көліктер демалуға, шұбат ішіп, тамақтануға дамылдайтын шұбатхана.
Осы жерден тура 96-шақырымға "Қаражанбас, Қаламқас" аялдамасына барамыз. Ол жерде "Ақеспе" деген жазуы бар әдемі стела бар. Оның қасында оң және сол жағында Ақеспе шатқалы жатыр.
Одан әрі солтүстікте, бес шақырымда Ұсақ шатқалы орналасқан. Ол сол жағында орналасқан, қой қорасы бар, оның бойымен шатқалдың бойына қиыршық тасты жол болады. Онда кез келген жерде тоқтап, әдемі суреттерге түсіп, серуендеуге болады. Бұл бағыт бойынша жеңіл көліктер мен автобустар өтеді.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.