Үндістандық ірі әуе компания Дели-Алматы бағытында төте рейс ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Amit_8 © pixabay.com/Amit_8

Мәдениет және спорт министрлігі және "Kazakh Tourism ҰК" АҚ қолдауымен үндістандық IndiGo ірі әуе компаниясы "Дели - Алматы - Дели" рейсін ашады. Бұл бағыт бойынша тасымал қыркүйек соңында басталып, ұшақтар аптасына үш рет ұшатын болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігі және "Kazakh Tourism ҰК" АҚ қолдауымен үндістандық IndiGo ірі әуе компаниясы "Дели - Алматы - Дели" рейсін ашады. Бұл бағыт бойынша тасымал қыркүйек соңында басталып, ұшақтар аптасына үш рет ұшатын болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл рейс әуе компаниясы үшін 32-ші халықаралық төте бағыт болады, ал жалпылай IndiGo Үндістанның және әлемнің 75 ірі қаласына рейстер жасайды. Сонымен қоса, әуе компаниясында өзінің код-шерингті серіктері арқылы Еуропа мен Солтүстік Амеркиада үлкен желісі бар.

Биыл IndiGo британиялық SkyTrax консалтингтік компаниясының тұжырымы бойынша қатарынан үшінші рет "Үндістан мен Оңтүстік Азияның ең үнемді әуе компаниясы" атағын жеңіп алды.

"Шетелдік компаниялардың Қазақстанға қызығушылығы артуда. Мәселен, осы жазда омандық Salam Air "Алматы - Маскат" бағытында аптасына екі рет ұшатын рейс ашты. Сонымен бірге, Катар, Мысыр және Қытайға рейстер саны артты", - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуллаева.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная