Үндістандық лоукостер Алматыға ұша бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінен Сурет Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінен

Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 қыркүйекте Үндістанның "IndiGo" лоукостер әуекомпаниясы А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Дели-Алматы бағыты бойынша Қазақстанға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосты", - делінген хабарламада.

Дели мен Алматы қалалары арасындағы бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 69 пайыз болды.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда - экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

"IndiGo" - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және болатын 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады.

Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная