Ұлыбритания патшайымы Елизавета II бөлесі Роузи Стэнсер Аралқұмды жаяу аралап шықты. Тартылған Арал теңізін арнайы көруге келген Роузи Стэнсермен және оның серіктесі, әрі танымал фотограф Пом Оливермен "Оян, Qazaqstan" таңғы бағдарламасының тілшісі сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Роузи 61-де, Пом Оливер 70-те. Бірақ қартайдық деп тұрған екеуі жоқ. Арқасына 20-25 келі жүкті асып алып, күніне 20 шақырымды еңсеріп, Аралды кесіп өткен. Тұзды аймақта жаз кезінде ауа райы ысып кететін болғандықтан Пом Оливер сәл ауырып қалыпты. Қазір тәуір болғанын айтады. Енді сәтті өткен экспедицияның қорытындысын олар Лондондағы географиялық қауымдастықтың фотокөрмесіне қойып, дүйім жұртқа көрсетпек. Түсірілген тамаша фотолар мен видеолар көп, дейді олар.
- Сізді қазақстандық медиа Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің бөлесі деп шулады. Шынымен солай ма?
"Мен Ұлы мәртебелі патшайымнның шотландиялық нағашы жұрты жағынан туысқанмын. Аналарымыз апалы-сіңілі болып келеді. Сол шотландиялық атым ғой шулатып шығарып жүрген", - дейді Роузи Стэнсер.
- Сонда патшалық әулеті сапарға дейін, одан кейін хат жазбады ма?
"Үйге қайтқанда ол жақта қызуғышылық болады деп ойлаймын. Чарльз ханзада экологияны сақтаумен тұрақты жұмыс істеп келеді. Ол кісінің де бізге қояр сұрағы боларына кәміл сенемін", - деді Роузи Стэнсер.
Сұхбаттың толық нұсқасын Тengrinews.kz сайтынан оқи аласыздар.