Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында тағы бір браконьерлік дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
9 қазанда Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері, Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен бірлесіп, Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген операциялық-рейдтік шаралар кезінде Тойота Прадо маркалы автокөлікті тоқтатқан.
"Автокөлікті тексеру барысында көлік салонында екі сібір елігінің денесі және тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша Қарасай аудандық АПБ-ында ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!