Үкімет басшысы "Тальго" пойыздары шығынды екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгінгі күні Қазақстандағы коммерциялық пойыздар шығынға ұшырап отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смаилов сенаторлар сауалына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды TengriТravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінгі күні Қазақстандағы коммерциялық пойыздар шығынға ұшырап отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смаилов сенаторлар сауалына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды TengriТravel.kz.

Әлихан Смаилов қазіргі таңда жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін еліміздің аумағында 101 бағыт бойынша пойыз қатынап отырғанын айта кетті.

"Оның ішінде бес бағыт бойынша "Тальго" вагондарынан құралған коммерциялық пойыздар қатынайды. Олар әлеуметтік маңызы бар жылдамдығы жоғары пойыздарға балама ретінде экспресс тасымал түрінде жолға қойылған", - дейді үкімет басшысы.

Премьер-министр 2022 жылыдң 1 шілдесінен бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша барлық жолаушылар пойызымен жүру құны 7 пайызға өскенін айта кетті.

"Айта кету керек, коммерциялық пойыздарға мемлекет субсидия бөлмейді және бағасының жоғарлығына қарамастан, бұл пойыздар шығынға түсіп отыр", - деп атап өтті ол.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная