Уақыт белдеуінің ауысуы. Астана әуежайы бірқатар қиындыққа тап болды

Астана әуежайындағы рейстердің уақытында сәйкессіздіктер туындап жатыр. Әуежай әкімшілігі жағдайды түсіндіріп өтті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі ұшақтың жоспарланған ұшу және келу уақыттары өзгеріссіз қалғанымен, нақты уақыттағы ұшу мәртебесі кейбір сәйкессіздікке тап болуы мүмкін екенін ескертті.

Астана әуежайындағы және оның ресми веб-сайтындағы "Ұшу ақпаратын көрсету жүйесіндегі" (FIDS) ұшу уақыты туралы ақпарат кейбір техникалық мәселеге байланысты кеш ауысып жатыр.

Жолаушыларға өз рейстері туралы ең соңғы ақпаратты алу үшін әуекомпания өкілдеріне хабарласуға кеңес беріміз. Әуежайдың арнайы мамандары барлық жолаушының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұл мәселені белсенді түрде шешіп жатқанын хабарлаймыз. Біз өз жолаушыларымыздың осы жағдайға қатысты түсінік танытып жатқанын жоғары бағалаймыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Жаңартуларды алу үшін біздің ресми арналарымыз арқылы байланыста болыңыз. Әуежай әкімшілігі онлайн-таблодағы кейбір ақауды тез арада шешуге тырысады, - делінген әуежай таратқан хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!