8 тамызда Тянь-Шаньда екі альпинист қайтыс болды. Біреуі құздан құлап кеткен, құтқарушылар оның денесін таба алмады, ал екіншісі инсульт алған. Құтқарушылар төмен қарай түсу үшін жол салу мақсатында оның денесін сонда қалдыруға мәжбүр болған.
Альпинистерді іздеу жұмыстарына Қырғызстан ТЖМ іздеу-құтқару тобының ұшақтары жұмылдырылған.
Қаза тапқандардың бірң мәскеулік Валентин Михайлов. Ол жарымен бірге "Победа" шыңына (биіктігі 7439 м) шығуды ұйғарған. Шыңның солтүстік бетімен, шамамен теңіз деңгейінен 5500 метрге көтерілгенде, оның басқан жеріндегі қар құрсауы опырылған. Ер адам құздан құлдилаған. Жары осы жағдай туралы ТЖМ-ге хабар берген, оны іздеуге тікұшақ ұшып шыққан. Алайда оқиға орнын бірнеше рет айналып ұшқаннан кейін альпинистің денесі сол бетте табылмаған.
Қайтыс болған екінші адамда мәскеулік Сергей Ноговицын. Ол Хан-Тәңірі шыңына (биіктігі 7010 м) жарымен бірге көтерілмек болған. Шыңға 100 метр қалғанда ол инсульт алып, қол аяғы істемей қалған. Оқиға орнына құтқарушылар жаяу жеткен.
Зардап шеккен ер адамды төмен түсіру қиынға соққан. Қозғалыссыз қалған альпинисті жерге түсіру үшін әрбір метр жолды ашуға тура келген. 6400 метрге жеткенде зардап шеккен ер адамды базалық лагерьде қалдыру шешімі қабылданған және 5900 метрге дейінгі жолды құтқарушылар ашуы керек болған.
Альпинисті арқандармен байлап барлық жылы киімдермен азық-түлікті қалдырған. Жол ашып болған соң, оқиға орнына қайтқан құтқарушылар туристі таба алмаған.
Сол жерде іздеу жұмыстары тікұшақ көмегімен жүргізілген, алайда нәтиже бермеді. Түсініксіз жағдай 10 тамызда болған. Тиянақты іздеу шараларынан кейін құтқарушылар альпинист қайтыс болды деген шешімге келді. Сол күні ТЖМ қызметкерлері оның жары Натальяны жазыққа түсірген.