Тянь-шань қоңыр аюлары фототұзаққа түсті

Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Тянь-шань қоңыр аюлары фототұзаққа түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тянь-шань қоңыр аюлары камераның маңынан емін-еркін өтіп жатқаны, кейбіреулері тіпті арнайы түсірілімге дайындалып келгендей.

"Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған фототұзақтарға сәуір айының 6-сы мен қыркүйек айының 6-сы аралығында 5 үлкен Тянь-шань қоңыр аюлары және 3 қонжық түскен", - делінген видео сипаттамасында.

Айта кетейік, аюлардың бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аталмыш жыртқыш жиі кездеседі - санақ жұмыстарының нәтижесінде Жоңғар Алатауында Тянь-шань қоңыр аюларының санының жыл сайын артқаны байқалады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!