Түйе жануары саудагерлерге шипа табуға қалай көмектесті? Хорватиядағы емдік мұнай көзінің табылуы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

@ naftalan_tour @ naftalan_tour

Хорватия - Еуропадағы ең көп баратын ұлттық саябақ Плитвиц көлдері, Диоклетан сарайы орналасқан және Пула қаласындағы ерекше амфитеатрымен кө тартатын әсем мемлекеттердің бірі. Бір сапардың ішінде бұл аймақтың барлық көрікті жерлерін тамашалап шығу мүмкін емес. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Хорватиядағы келушілерді мұнаймен емдейтін ғажайып курорт жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Хорватия - Еуропадағы ең көп баратын ұлттық саябақ Плитвиц көлдері, Диоклетан сарайы орналасқан және Пула қаласындағы ерекше амфитеатрымен кө тартатын әсем мемлекеттердің бірі. Бір сапардың ішінде бұл аймақтың барлық көрікті жерлерін тамашалап шығу мүмкін емес. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Хорватиядағы келушілерді мұнаймен емдейтін ғажайып курорт жайлы баяндайды.

Алдымен осы мемлекет жайлы бірер сөз қозғасақ. Хорватия Еуропалық Одаққа мүше елдердің бірі, бұл деген басқа елдермен салыстырғанда қызмет көрсету мен бағаның жоғары деңгейін білдіреді. Бұл елде Альпі мен Жерорта теңізі ерекше үйлесім тапқан. Жылына 2600 сағаттық күн сәулесімен мақтана алатын санаулы елдің бірі. Мұнда теңіз жағажайларын суының тазалығы үшін мақтайды, бірақ малтатастардың көптігі қолайсыздық тудырады. Сонымен қатар,туристер яхтамен сапарға шыға алатын жергілікті шығанақтар, үңгірлер және көптеген аралдар (Дубровник, Паг, Хвар) бар.

© Shutterstock

Саяхатшылар ғажайып табиғаты, сусыма құмды жағажайлары мен ортағасырлық тарихи көрнекті жерлерін тамашалау үшін ғана емес, мұнда емалып, денсаулықтарын түзеу үшін де келеді.

© Shutterstock

Хорватияның астанасы Загребтен оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан Иванич Град деген шағын қала XX ғасырдың аяғында бүкіл әлемге танымал болды, себебі, мұнда мұнай ұңғымасын бұрғылау кезінде сирек кездесетін зат көзі - ерекше иісті, түсі көпжылдық шарапқа ұқсайтын қою сұйықтық нафталан табылды. Зерттеушілер табылған затқа қызығушылық таныттып зерттей бамол екендігі анықталды.

Сол уақытта неміс инженері Эоган Джагер кейінірек нафталан деп атаған затпен ұзақ уақыт тәжірибе жасады. Содан кейін нафталан мұнайының концентраты тері ауруларын емдеуге таптырмас көмек екендігі анықталды.

Нафталан құйылған ванна. © Shutterstock

Бүгінде әлемде екі нафталан кен орны ашылған, олардың үстіне курорттар салынды: Әзірбайжанда (курорт 1935 жылы сол жерде салынған) және Хорватияда. Хорватиядағы "Нафталан" бальнеотерапиялық шипажайы көпшілікке 1989 жылы ашылды. Мұнда емделу және сауығу үшін келген туристерден басқа, курортқа мамандар мен дәрігерлер жиі келеді, олар тері ауруларын, бірінші кезекте псориазды зерттеумен және емдеумен айналысады.

Сонымен қатар, мұнда балалар мен ересектерді атопиялық дерматит, нейродермит, склеродермадан емделу үшін жібереді, нафталан күйіктен кейін теріні қалпына келтіруге көмектеседі, тірек-қимыл аппаратына қатысты науқастар, оның ішінде артрит, Бехтерев ауруы, буын мен омыртқа аурулары, қан тамырлары аурулары және орталық жүйке жүйесінің ауруларынан емделу үшін келеді.

@naftalan_tour

Көптеген туристік бағыттар сияқты, бұл шипажайдың да өз аңызы бар.

Ертеде саудагерлер керуендерімен қазіргі шипажай орналасқан жерден өтіп бара жатып, лай сулы көлді байқайды. Суға бас қойған түйелер көлдің күмәнді суымен уланып қалмас үшін оларды судан таяқпен айдап шығарады. Керуенде бір әлсіз түйе болған екен, ол керуенге ілесе алмай, тоқтай беріп, иелерінің ашуын тудырғандықтан, оны сол жерге тастап кетеді.

Дәл осы жерде ауру түйе қалады да, керуен ары қарай жол тартады. Біраз күннен кейін сол жолмен кері қайтқан саудагерлердің таңданысында шек болмайды, себебі, олар тастап кеткен түйенің сап-сау жайылып жүргенін көреді. Оны біраз бақылаған саудагерлер түйенің әлгі лай көлдің суын ішіп жүргенін байқайды.

@naftalan_tour

Саудагерлер жақындап келіп, көлдің түбінде қара майлы сұйықтық жатқанын көреді, оны біреуі қызығып алып шығады. Денелерін қара маймен сылап, саяхатшылар емдік әсерін байқамақ болады. Сол кезде дәл не болғаны бізге беймәлім, бірақ емдік қасиеті бар майлы сұйықтық жайлы хабар жан-жаққа тарап кетеді. Содан бері адамдар оны емдік мақсатта қолдана бастайды, кейінірек ол нафталан, яғни мұнайға ұқсас сұйықтық деп аталады.

Иванич Град қаласы курорттық қала емес, дамыған инфрақұрылымымен ерекшеленбейді, бірақ көптеген шағын мейрамханалар, дүкендер, базары бар, мұнда саяхатшылар алдымен ем алу үшін келеді.

Қызықты дерек

Курорттың ең құнды байлығы - нафталан, оның басқа мұнай компоненттерінен айырмашылығы - құрамында жеңіл фракциялар, бензин, керосин, парафин жоқ және аз мөлшерде мұнай қышқылдары ғана бар. Нафталан терапиясында қолданылатын дәл осы зат. Бұл затты қолданған кезде жанама әсерлер, сондай-ақ қарсы көрсетілімдер іс жүзінде аз. Оның биоактивті компоненттері денеге тері арқылы еніп, бүйрек үсті безі гормондарының түзілуін ынталандырады, организмнің иммундық реакциясын жақсартады.

Нафталан сонымен қатар қабынуға қарсы және ауруды басатын әсерге ие, метаболизмді жақсартады және тіндерде қабыну инфильтраттарының сіңуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, оның тағы бір әсері - қан айналымын жақсарту, нафталан тамырларды кеңейтеді, осылайша қан ұюын азайтады. Сонымен қатар, нафталан микробқа қарсы қасиетке ие.

Шипажай орналасқан Иванич Град, @aatravelru

Нафталанмен емделу ересектер мен балаларға алты жастан бастап рұқсат етіледі, емделушіні сұйықтық құйылған ваннаға белгілі бір уақытқа жатқызады, алты жасқа дейінгі балаларға сұйықтықты жағып емдейді.

Сонымен қатар, Хорватия өзінің көптеген термалды көздерімен танымал, олардың 20-дан астам көзі бар, олардың емдік қасиеттерін ежелгі римдіктер жоғары бағалаған.

Мұндай курорттарға алдымен дәрігердің кеңесін алып барған жөн.

© Shutterstock

Курортқа жақын орналасқан жерлер

Загреб қаласы, Загор Сарайы, Вараждин көне қаласы, Плитвиц көлдері мен Опатия курорты.

Хорватия мейрамханалары мен дәмханаларындағы баға

Демалыс үшін қандай курортты таңдаған болсаңыз да, ел астанасы Загребте, Сплит немесе Дубровник қалалрында және бүкіл Хорватияда азық-түлік бағалары бірдей десе болады. Кафеде бір келушіге орташа есеп айырысу 50 - 60 HRK-ны құрайды (шамамен 3000 - 3500 теңге), мейрамханада орташа баға 100 - 120 HRK-ны (шамамен 6000 - 6500 теңге) құрайды. Бұл ақшаға сізге алкогольдік сусындарды қоспағанда, толық кешкі ас беріледі.

Күндізгі уақытта келушілерге «күнделікті тағам» түрі және ланч ұсынылады. Түскі ас тіскебасардан, негізгі тағамнан және десерт қосылған кофеден тұрады. Мұндай ұсыныстың құны 45-50 HRK-ны құрайды (шамамен 2800 - 3000 теңге).

Хорватиядағы экскурсиялар қымбат емес, мысалы, Дубровникте сіз экскурсиялық сапарға 150 HRK-мен (шамамен 9000 теңге) баруға болады. Хорватияда Дубровникті көрген адам бүкіл елді көргенмен тең деген әзіл бар екен.

Елдегі ең жақсы жағажайлар мен курорттар

Хорватияда демалу үшін әр түрлі жағдайлар ұсынылған. Елде сіз аралдардағы немесе материктегі курорттарды, жағалаудағы сауықтыру орталықтарын және тек жастар демалатын орындарды таба аласыз. Сіз демалысты елдің ірі қалаларының бірінде өткізе аласыз немесе курорттық ауылда демала аласыз. Көбінесе, туристер Хорватияда демалу үшін Шибеник, Сплит немесе Дубровникті таңдайды.

Истрия түбегінде жағажайлар бетон платформалардан тұрады. Орталық және Оңтүстік Далматияда жағажайлар тасты, Адриатикалық теңіз аралдарында ұсақ құмды болып келеді. Көптеген туристер Крк, Корчула, Брач немесе Хвар аралдарындағы жағажай демалысын таңдайды. Жағажай демалысында жатын орындықты күн ұзаққа 20 HRK-ге жалдауға болады (шамамен 1200 теңге), қолшатырды жалдау тәулігіне 15 HRK-ны (900 теңге) құрайды.

Такси

Хорватияда такси қызметінің бағасы экипаж бен жолдың ұзақтығына байланысты. Таксиде жолаушы сапардың әр километрі үшін 20 HRK (шамамен 1200 теңге) және 5 HRK (300 теңге) төлейді. Жүктерді тасымалдауға бөлек алынады. Түнде баға 20 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

Хорватияда таксиді 970 жеке нөміріне тапсырыс беріп шақыра аласыз, машина сіз тұрған жерге 10-15 минутта келеді.

Курортты қалай табуға болады?

Иванич Град Загреб әуежайынан 18 шақырым жерде орналасқан. Курорт Мославац тауының баурайында, Лоня өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная