Түркістанға шыққан пойызда сәби дүниеге келді

"Павлодар-Түркістан" пойызында сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалына" сілтеме жасап.

10 сәуірде сағат 16:30-да Павлодар-Түркістан бағытында келе жатқан №46 пойызда Зейнеп Абдукаримованың кенеттен толғағы қысқаны белгілі болды. Әйелдің қасында анасы да болған.

"Пойыз жолсеріктері Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева алғашқы медициналық көмек көрсетіп, вагонда барлық жағдайды жасап, сәбиді аман-есен босандырды. Пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті: жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Сары-Шаған станциясы, жаңа туған нәресте мен оның анасы дәрігерлерге тапсырылды", - дейді баспасөз қызметі.

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Пойыз бригадасының қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдері үнемі оқытылады. Соңғы үш жылда ұлттық тасымалдаушы пойыздарында 13 сәби дүниеге келген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!