Түркістанда алғашқы қалалық жағажай ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда қаладағы алғашқы жағажай ашылды. Туристік-реакциялық орталықтың ашылу салтанатына өңірден, Шымкенттен және еліміздің басқа қалаларынан туристер келді. Жағажайға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келіп, қала тұрғындарын құттықтап, жаңа ұжымға табыс тіледі.

Жағажайдың ашылуында балаларға түрлі ойын ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ойын-сауық бағдарламалары, байқаулар ұсынылды. Акваторияда желкенді қайықтар жүзді, облыс шабандоздары шеберліктерін көрсетті. Ашылу салтанатында белгілі диджейлер мен әртістер өнер көрсетті, жерлестерін Қайрат Нұртас та құттықтады.

Жағажайға келгендер жаңа демалыс орнына риза болып, алғысын білдірді. Адамдар шомылып, көңілді конкурстарға қатысып, шоу-бағдарламаны тамашалады. Жағажайдың алғашқы күнінде бірнеше мың адам келді.

Жаңа нысан туризмді дамытуға ғана емес, Түркістан аумағын көгалдандыруға және климаттық жағдайларды жақсартуға да ықпал етеді.

Еске салайық, жағажай құрылысы 2020 жылдың қарашасында басталды. Жалпы ауданы - 81 гектар, ал су сыйымдылығы шамамен 2,5 миллион текше метр. Қазір 2 миллион текше метрден астам. Көктемгі суды қабылдайтын және оны өткізетін арналар да дайын. Жағажайда емдік қасиеттері бар құм төселіп, ағаштар отырғызылды. Жаңа туристік нысанға апаратын жолдың сапасы жоғары деңгейде. Жақын арада балалар демалыс аймағын, элиталық коттедждер, қонақүйлер, аквапарк салу жоспарланған.

TengriTravel