"Түркістан-Самарқанд" әуерейсі неліктен әлі іске қосылмағаны айтылды

Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының төрағасы Қайрат Сәдуақасов "Түркістан-Самарқанд" бағытындағы рейс неге әлі іске қосылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бүгін Туризм және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті.

Отырыс барысында Қайрат Сәдуақасов Qazaq Air Түркістаннан Самарқандқа ұшуға дайын екенін айтты. Дегенмен Өзбекстан Республикасы тарапынан белгілі бір қиындықтар бар екенін атап өтті.

"Қазір "Түркістан-Самарқанд", "Түркістан-Ташкент" рейстерін іске қосу үшін Qazaq Air компаниясымен уағдаласып жатырмыз. "Түркістан-Самарқанд" бағытында Самарқанд әуежайының өте қымбат болуы, әрі жекеменшік болуы проблема туындатып отыр. Онда да келіссөздер жүргізіліп, жердегі қызмет көрсету құны 50%-ға төмендетілді. Қазір Qazaq Air бұл рейсті іске қосуға дайын", - деп түсіндірді Сәдуақасов.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!