"Түркістан-Самарқанд" әуерейсі қашан ашылатыны белгілі болды

Биылғы жылдың 15 наурызынан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы "Түркістан-Самарқанд" бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялармен бірлесіп Қазақстанға рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Рейстер аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалады.

"Әуе қатынасының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - деп атап өтті ведомство.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!