Түрікменстандық әуекомпания Алматыға қайта ұша бастады

"Түрікменстан" әуекомпаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіру пысықтады.

"Осылайша, 2023 жылдың 2 маусымынан бастап "Түрікменстан" әуекомпаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастады. Тасымалдау "Боинг - 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағыты бойынша орындалады", - делінген хабарламада.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!