Түркияның танымал курортында өрт басталды

Мармаристегі танымал түрік курортында орман өрті басталды. Жалын қонақүйге дейін жеткен, бірақ қай қонақүй екені аталмады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қатты желдің салдарынан жалын тез тарады. Қазіргі уақытта өрт сөндіру бригадалары өртті ауадан және жерден сөндіріп жатыр. Атап айтқанда, бес ұшақ пен сегіз тікұшақ, сондай-ақ 40 арнайы техника жұмылдырылды.

Қонақүйдегі туристер эвакуацияланды. Алайда өрт тұрғын үй алаптарына жақындап келеді.

Мармарис әкімшілігінің басшысы Мехмет Октайдың айтуынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, ол трансформаторлық қосалқы станциядағы қысқа тұйықталу өрттің ықтимал себебі болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!