Түркияның солтүстігіндегі Сарыкамыш қаласында қонақүйдің шатыры құлап, 10 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Карс провинциясының губернаторы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Зардап шеккен 10 адам зардап шекті ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Карс провинциясының губернаторы зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты.
Ал елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа 32 азаматтың зардап шеккенін, оның тоғызы ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алуға келген тұрғындардың бас қосуы кезінде болған.
Ғимаратта еске алу шаралары өтіп, оның аясында қонақүй фойесінде театрландырылған қойылым көрсетілген. Төбенің құлауынан кейін оқиға орнына бригадалар жөнетілген. Құтқару жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу қонақүйде ешкімнің қалмағанын және қонақтардың өміріне еш қауіп төнбейтінін баса айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!