Түркия мен Польшаға қалай және қашан ұшуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Түркия мен Польшаға тұрақты жолаушылар рейстері ашылды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Түркия мен Польшаға тұрақты жолаушылар рейстері ашылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасында "Эйр Астана", "SCAT", "Fly Arystan", "Turkish Airlines" және "Pegasus" әуе компаниялары аптасына 37 рейс орындайды. 

- Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл, 6 рейс (Эйр Астана - B737 әуе кемесімен дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 3 рейс, Turkish Airlines - А320N әуе кемесімен дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері 3 рейс);
- Нұр-Сұлтан-Анталья, 2 рейс (Эйр Астана - А320 әуе кемесімен сейсенбі және жұма күндері 2 рейс);
- Алматы-Ыстамбұл, 10 рейс (Эйр Астана - А321 әуе кемесімен дүйсенбі, сейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері 5 рейс, Turkish Airlines - B737 әуе кемесімен дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері 5 рейс);
- Алматы-Анталья, 7 рейс (Эйр Астана-А321 әуе кемесімен дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 4 рейс, Turkish Airlines - B737 әуе кемесімен сейсенбі және жұма күндері 2 рейс, Pegasus-B737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс);
- Шымкент-Ыстамбұл, 1 рейс (SCAT - бейсенбі күндері B737 әуе кемесімен 1 рейс);
- Ақтау- Ыстамбұл 5 рейс( SCAT - B737 әуе кемесімен сейсенбі, жұма және жексенбі күндері 3 рейс, Turkish Airlines-A321 әуе кемесімен сейсенбі және жұма күндері 2 рейс);
- Ақтөбе-Ыстамбұл, 2 рейс (SCAT - сәрсенбі және сенбі күндері B737 әуе кемесімен 2 рейс);
- Түркістан-Ыстамбұл, 4 рейс (Fly Arystan - A320 әуе кемесімен жұма және жексенбі күндері 2 рейс, Turkish Airlines - B737 әуе кемесімен аптасына 2 рейс сәрсенбі және сенбі күндері).

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты рейстерді "LOT" әуекомпаниясы Варшава - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша B737 әуе кемесінде аптасына 3 рейс жиілікпен дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері (2022 жылғы 10 қаңтардан бастап 2 рейс) орындайды.

Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная