TurKidStan. Kids go free бағдарламасы бойынша балалар қайда тегін ұша алады?

Қазақстандық туроператорлар Kids go free отбасылық ұйымдастырылған демалыс бағдарламасы бойынша жұмыс істеруді жалғасытрады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2022 жылдың басында объектив себептермен шара жоспарланған мерзімнен кешірек басталса да, биыл бірінші айдан бастап ел бойынша саяхатқа белсенді сұраныстар бар.

Мысалы, қазақстандықтар бағдарламаны Наурыз мерекесі кезінде пайдалануды жоспарлап отыр. Түркістан және Алматы сияқты бағыттар сұранысқа ие.

Кейінгі жылдары Түркістанда ұйымдастырылған демалыс мәдениеті айтарлықтай өсті. Мысалы, осы айдың өзінде жергілікті Визит-орталық квест-турлар мен басқа да тақырыптық маршруттар бойынша 400 туристті қабылдайды. Сонымен қатар, Turkistan бірегей археологиялық туры бойынша балаларға арналған жазғы демалысқа белсенді сұраныстар бар. Туроператорлардың айтуынша, мұндай турлар kids go free бағдарламасымен үйлесім тапқан.

Сарапшылардың ойынша, 2023 жылы Kids go free тренді - Алакөл көліне саяхат болады. Былтыр көлге апаратын бірден екі әуежайды қайта құруға байланысты бұл бағыт бағдарламаға қатысушылар үшін қол жетімсіз болды.

kids.gofree.kz/kz сайтынан скриншот

Жазғы кезеңде Алакөлге турларды сатуды Алматы қаласының бірқатар туроператорлары жүзеге асыра бастады. Туроператорлар алдын ала жоспарланған демалыс нәтижесінде саяхат бюджетінің 30-50 пайызы үнемделетінін айтады.

Кейбір туроператорлар танымал бағыттарға шамадан тыс сұранысты ескере отырып, биыл елдің солтүстік және Орталық бөліктеріндегі демалысқа назар аударуды ұсынады. Ол үшін Бурабай курортына Көкшетауға, Имантау-Шалқарға Петропавлға, Баянауылға Павлодарға, Қарқаралы курортына Қарағандыға бару арқылы kids go free турлары әзірленді.

Шығыс Қазақстан облысынан бағдарламаға қатысушылардың бірінің айтуынша, Байқоңырға отбасылық сапарға сұраныс келіп түскен және олар ғарыш айлағынан зымыранның ұшырылуын көргісі келетін балалардың арманын жүзеге асыруға дайын. Биыл бағдарлама бойынша сатылымның өсуі күтіледі, өйткені халықтың қызығушылығы өте жоғары.

Айта кетейік, былтыр kids go free турпакеттер құрамында 700-ге жуық отбасы ел бойынша саяхатқа шыққан болатын. 1500 бала тегін рейстерді пайдаланды.

Kids go free бойынша толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!