Туристік маусым-2023: Selfie Travel халықаралық туроператор мүмкіндіктер мен перспективалар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 қазанда Hilton Astana қонақүйінде Selfie Travel халықаралық туристік операторы ұйымдастырған арнайы іс-шара өтті. Онда қазақстандық саяхатшыларды толғандыратын басты мәселелер талқыланды: 2023 жылды қайда қарсы алуға және қысқы демалысты қайда ерекше түрде өткізуге болады. Selfie Travel командасы туризм саласындағы мамандарды біріктіреді және бақытты әсерлерді бағалайды, сондықтан турагенттермен және серіктестермен бірлесіп, Астанада ұмытылмас, ең бастысы ақпараттық және бірегей оқиғадан бастап жаңа маусымды ашты.


Иконка комментария блок соц сети

6 қазанда Hilton Astana қонақүйінде Selfie Travel халықаралық туристік операторы ұйымдастырған арнайы іс-шара өтті. Онда қазақстандық саяхатшыларды толғандыратын басты мәселелер талқыланды: 2023 жылды қайда қарсы алуға және қысқы демалысты қайда ерекше түрде өткізуге болады. Selfie Travel командасы туризм саласындағы мамандарды біріктіреді және бақытты әсерлерді бағалайды, сондықтан турагенттермен және серіктестермен бірлесіп, Астанада ұмытылмас, ең бастысы ақпараттық және бірегей оқиғадан бастап жаңа маусымды ашты.

Selfie Travel - 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық туроператор. Осы уақыт ішінде ол кәсіби және сенімді серіктес ретінде беделге ие болды. Selfie брендімен Мысырда, Түркияда және Өзбекстанда кеңселері сәтті жұмыс істейді. Workshop-та Мысырдың, Мальдивтің, Вьетнамның 26 жетекші қонақүйлерінің өкілдерімен, сондай-ақ "Номад Иншуранс" СК компаниясымен, Fortebank және SCAT әуекомпаниясымен жазғы маусымның қалай өткені және қысқы маусымда қандай жаңалықтар болатыны туралы айтылды. Олар өз кезегінде әуе сапарларының бағасы, жаңа маршруттар және демалыс бір аптаға созылса да, сақтандыруды алу неліктен маңызды екенін айтты. Айтпақшы, туристердің 90 пайызы алыс шет елдер туралы айтатын болсақ, Түркия, БАӘ, Мальдив аралдары, Мысыр және Таиландқа ұшады. Барлық осы бағыттармен Selfie Travel туроператоры айналысады. Бұл жерде турлар тек туристік агенттіктер арқылы сатылатынын атап өткен жөн. Сондықтан туроператор Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Әзербайжанның 5000-нан астам туристік агенттіктерімен ынтымақтасады.

Туроператор биыл бірнеше жаңа "ерекшеліктер" дайындады. Мысалы, шытырман оқиғалы, экологиялық, круиздік туризмнің барлық түрі қазір трендке айналды. Public Talk-те қысқы демалыстың перспективалары және мүмкін проблемалары, "2022 жылғы көшпелі туризм: жыл жаңалығы" талқыланды. Selfie Travel туроператорының бас директоры Виктория Ульянова, Қазақстан туроператорлары қауымдастығының президенті, "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрағасы Инна Рей және басқалар тәжірибелерін бөлісті.

Selfie Travel туроператорының бас директоры Виктория Ульянова тек жазғы маусымда Түркия, БАӘ, Мальдив аралдары, Мысыр, Әзәрбайжан және Өзбекстанға 100 мыңнан астам турист жодама алғанын және демалыспен қанағаттанғанын айтты.

 

Сонымен қатар, барлығы бүгінгі геосаяси қақтығыстардан туындаған қиындықтарға қарамастан, маусым сөзсіз болатынын түсінеді. Ол болмауы мүмкін емес. Адамдарға демалу керек. Балаларға теңіз керек. Адамдарға жаңа тәжірибе керек және стрестен арылу қажет.

Selfie Travel жаңа ұсыныстары мен қызметін қадағалаңыз. Бұл әлі бәрі емес!

Халықаралық туроператордың ресми сайты: selfietravel.kz.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная