Туристерге Алакөл көліндегі үш аралға баруға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алакөл табиғи қорығының әкімшілігі Алакөлдегі үш аралға баруға тыйым салынғаны туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алакөл табиғи қорығының әкімшілігі Алакөлдегі үш аралға баруға тыйым салынғаны туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Үлкен, Орта және Кіші Аралтөбе аралдары Алакөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. Олар бір-біріне жақын, ұзындығы 17 шақырымға созылған аралдар тобы. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы.

Сондықтан да аралдарды нағыз "құс базары" деп атауға болады. Орта Аралтөбе аралы өгізшағала, қарабас өгізшағала, үлкен суқұзғыны, көне дәуір шағаласы, үлкен қарқылдақ, татрең қарақасы, бұйра бірқазан сияқты ерекше отарлық суда және су маңын мекендейтін құстардың ұя салу орны болып табылады.

"Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ескертеді: Алакөл көліндегі Үлкен, Орта, Кіші Аралтөбе аралдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жататынын ескертеді. Аралдарда мамыр-қыркүйек айлары аралықтарында құстар ұя салып, балапан басуға отырады. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар көптеп кездеседі. Сол себепті жеке адамдардың аралдардағы құстарды мазалау факторы болмауы тиіс. Аралдарға суда жүзетін, әуеде ұшатын көліктердің қандай да бір түрлерімен қатынауға қатаң тыйым салынады", - делінген мәлімдемеде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная