Туристер қазақстандық тау шаңғысы курорттарының бағасы жайында: "Түркияда демалған арзанырақ"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстандық тревел-блогер Нұржан Алғашов Алматы маңындағы тау шаңғысы базасындағы демалысынан алған әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, ондағы баға өте жоғары, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық тревел-блогер Нұржан Алғашов Алматы маңындағы тау шаңғысы базасындағы демалысынан алған әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, ондағы баға өте жоғары, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Нұржан Алғашов - саяхатшы әрі блогер. Ол АҚШ, Чехия, Моңғолия, Иордания, Жапония сынды және басқа да елдерде болған. Пандемия басталғалы ол өз елінде көп саяхаттай бастаған және Желідегі аккаунттарында өз тәжірибесімен бөліседі. Таяуда жариялаған постында ол тау шаңғысы курортында демалу үшін жұмсаған қаражатының мөлшерін жариялады. Сондай-ақ, ол осы соманың "қымбаттау" екенін де жасырмады. 

"Ақ-Бұлақ" мысалындағы есеп: бір күнге арнлаған ски-пасс - 10 000 теңге, ски-пасс картасы - 1 500 теңге, шаңғы/сноуборд жалға алу - 10 000 теңге. Осылайша 21 500 теңге шығады. Ал егер басқа киетін шлем алу керек болса (тағы + 2000 теңге), көзілдірік (тағы + 1 500), кофе не ыстық шәй ішу, тағы 1000-2000 теңге жұмсауға тура келеді. Ең қызығы - 150 теңгеге ақылы әжетхана. Соған қарағанда "Ақ-Бұлақ" барлығынан ақша табуды көздейтін секілді. Ал егер бұл 3-4 адамнан тұратын отбасы болса ше? Көбірек шығындаласыз", - деп жазады блогер. 

Осы постқа жазылған пікірлер арасынан бағаның тым жоғары екені туралы жазылғанын оқуға болады. Қазіргі уақытта тау шаңғысы курорттары трендте, алайда баға тым қолжетімсіз: "бүгінде облыстағы курорттар қымбаттап кеткен", "Иә, отбасыңызбен барсаңыз, қалтаңыз қағылары анық", "Түркияда демалған арзанырақ...", "Отбасылық тарифтерін іске қосса жақсы болар еді. Біздің отбасымызда бес адам, бесеуімізде шаңғы тебу үшін біраз қаражат керек". 

"Ақ-Бұлақ" курортының әкімшілігі осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, мереке күндері баға барлық курортта өзгереді екен. Сонымен қатар, барлық мекеме бағаны өздері қою құқығы барын айтты. 

"Біздің биіктаулы "Ақ-Бұлақ" курорт-қонақүйінде шаңғы тебу бағасы басқаларына қарағанда арзан. Жоғарыда көрсетілген сома тек қаңтардың 2-7 аралығында жүрді, ал басқа курорттарда мерекелік күндер ұзағырақ болды. "Ақ-Бұлақ" курорт-қонақүйі номер жалдау және демалыс бағасын біраз жылдан бері өзгерткен жоқ. Ал біздің аумақта орналасқан шаңғы/сноуборд жалға берушілерді бақылауға құқымыз жоқ. Бәлкім олар бағаны тауардың сапасына байланысты қоятын шығар, біздің білетініміз Алматы бойынша оларда орташа баға", - деді "Ақ-Бұлақ" маркетинг бөлімінің өкілдері. 

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының өкілдері де осындай пікірде. 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін жастар тарифы мен жеңілдіктер алынып тасталған. 

"Мереке күндері бағаның және тарифтердің көтерілуі - әдеттегі тәжірибе, бұл сұраныстың көбеюіне байланысты атқарылатын жағдай", - деді "Шымбұлақ" курортының маркетинг бөлімінің өкілдері. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная