Туристер Алматы маңындағы Богданович мұздығында ақша жинайтындарға шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Эрик Туркебаев Фото Эрик Туркебаев

Туристер Сол Талғар шатқалындағы Богданович мұздығындағы Октябрь үңгіріне кіру үшін келушілерден ақша жинап жатқан белгісіз адамдарға шағымданды. Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Әсел Аңғарбаева әлеуметтік желіде жазды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі гидтердің әрекеті заңды ма және мұзды үңгірлерге түсу қауіпсіз бе, жоқ па, соны анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Туристер Сол Талғар шатқалындағы Богданович мұздығындағы Октябрь үңгіріне кіру үшін келушілерден ақша жинап жатқан белгісіз адамдарға шағымданды. Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Әсел Аңғарбаева әлеуметтік желіде жазды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі гидтердің әрекеті заңды ма және мұзды үңгірлерге түсу қауіпсіз бе, жоқ па, соны анықтады.

Алматы маңындағы Октябрь үңгірі мен Богданович мұздығы туристерді тартатын жаңа орынға айналды. Әсел Аңғарбаева Instagram желісінде мұздықтағы үңгірлердің біріне кіреберісте тұрған белгісіз тұлғалар төменге түсу үшін арқан созып, оны "жалға беретінін" жазды. Видеода туристердің бірі түсу бағасын сұрағанын естисіз. Жауап ретінде бағасы 5 000 теңге болды.

"Құрбыларымызбен Богданович мұздығына бардық. Мен олардың біреуін күтіп жатқанда, екіншісін кезекке тұруды өтіндім. Өйткені онда адамдар тұрды, біреу арқанмен түсіп кетті. Бұл видеоны құрбым түсірді. Бес минуттан кейін ол (үңгірге түсіріп тұрған адам - авт.) маған қайта оралып, түсудің құны 5 000 теңге екенін айтты. Мен сенбедім. Бірақ ол жақындағанда, бөтен қыз оларға төлем жасады. Мен олардың арқанымен ұзақ уақыт тұрып, қалғандарына өткелді жауып тастайтынын сұрадым. Нәтижесінде біз 10 минут күттік, бірақ кейін басқа кіре берістен өттік", - деді Әсел

Іле-Алатау ұлттық саябағының Медеу филиалында бұл тұлғалардың қызметі заңсыз екенін түсіндірді. Себебі олар ұлттық саябақтың аумағында болған.

"Ұйымдастырылған туризм кезінде гидтердің қосымша қызметтер көрсеткені үшін, атап айтқанда үңгірге түскені үшін ақша алуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда туристер шарт талаптарында осындай қызметтер мен бағалардың болуын талап етуі тиіс. Шартта мұндай талаптар жазылмағанын атап өткіміз келеді. Мұндай жағдайларда туристер құқығын қорғау үшін ұлттық саябаққа жүгінуге құқылы", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, Ұлттық саябақ өкілдері альпинистер мен гидтерге қандай да бір альпинистік іс-шараларды өткізу кезінде ТЖМ келісімі қажет деп мәлімдеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная