Турфирма кінәлі ме? Асы үстіртінде 200 адам "ұмытылмас" түн өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан кадр

Екі түн қатарынан, тамыздың 12-14 аралығында Персеида жұлдыз ағатын мезгілді тамашалауға мүмкіндік туды. Осы құбылысты өз көзімен көру үшін кейбір қазақстандықтар ерекше турға барған, оларға тамашалау үшін жағдай жасалған тур уәде етілген. Алайда іс-жүзінде олай болмай шықты. Қазақстандықтар Асы үстіртіндегі демалысы керемет тәжірибенің орнына "нағыз тозаққа" айналғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екі түн қатарынан, тамыздың 12-14 аралығында Персеида жұлдыз ағатын мезгілді тамашалауға мүмкіндік туды. Осы құбылысты өз көзімен көру үшін кейбір қазақстандықтар ерекше турға барған, оларға тамашалау үшін жағдай жасалған тур уәде етілген. Алайда іс-жүзінде олай болмай шықты. Қазақстандықтар Асы үстіртіндегі демалысы керемет тәжірибенің орнына "нағыз тозаққа" айналғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Шағым

Редакциямызға алматылық жігіт хабарласты, ол 23 жастағы IT-маманы Сұлтан Үсембаев. Ол достарымен "жұлдыздарды тамашалау" мақсатында танымал тур компаниясы арқылы демалыс ұйымдастырмақ болған. Алайда олардың ойлағаны жүзеге аспады. Саяхат 12 тамызда болған.

"Біз нарықта алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан турфирманы таңдадық, олардың оқырманы көп. Жұлдыздар аққан сәтті тамашалағымыз келді, жолдар жабылмаса, компания жайлы жағдай жасап берсе барлығы керемет болар еді. Алайда олай болмай шықты. Біз үстіртке жеткенде тұзаққа түсіп қалдық, бір жағынан жаңбыр, жел - түнді сулы шатыр астында өткіздік, ал қайтайын десе жол тайғақ, таулы аймақта жүру қауіпті болды", - дейді Сұлтан.

Жігіттің айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан жауын жауып, жел соғу жағдайы ескерілмеген.

"Шарт бойынша бізге кешкі асқа күріш берілуі тиіс болған. Олар бізге кешкі ас 19:00-де берілетінін айтты, 18:30-дан бастап кезекке тұрып, орын алу керектігі айтылды. Осылайша біз бір жарым сағат жаңбырдың астында кешкі асты күттік, үстіміз малмандай су болды. Кезекке тұратын орын еш ескерілмеген. Турфирманың осындай салғырттығынан біз "нағыз тозақта ас іштік", су болмаған жеріміз жоқ. "Ұмытылмас", - дейді Сұлтан.


Суретті Сұлтан Үсембаев ұсынды

Сұлтан турдың ұйымдастырылуына "еш көңілі толмағанын айтты. Олармен бірге шамамен 250 адам болған. Оларды Mitsubishi Delica көліктерімен жеткізген.

Суретті Сұлтан Үсембаев ұсынды

Қайту кезінде бірнеше көлік кішігірім жол-көлік оқиғасына тап болған.

"Олар турды кейінге қалдыруына болар еді, себебі дауылды ескерту жарияланған. Немесе бізге сонда жайлы жағдай жасауы керек болатын. Оның ешқайсысы болмады. Біз барлығымыз жиналып, ақшамызды қайтарып алу үшін WhatsApp мессенджерінде топ аштық және K.K.tour әкімшісін қостық. Мен өзім оларға қоңырау шалып, ақшамды толық қайтаруын талап еттім, алайда олар ауа райына сілтеме жасап, өздерінің кінәсін мойындайтындай емес. Сосын телефон көтеруді қойды", - дейді ер адам.

Тур ұйымдастырушылардың жауабы

Редакция тілшісі K.K.tour әкімшісіне хабарласты. Компания өкілдері Асы үстіртіндегі сәтсіз тур жайлы пікір білдірді.

"Біз қаражатты қайтарамыз. Тур құны - бір адамға 20 мың теңге. Барлық шығынды ескеріп, салықты қосып, бір бөлігін қайтарамыз. Біздің тур - арзан. Деликада небары жеті орын бар, мұнымен жүру өте қымбат. Әрбір трансфер 90 мың теңгеге айналады. Тур кезінде 200-ден аса адам болды. Біздің есебіміз бойынша, әрбір адамнан түскен табыс - 3000 теңге болды, соны қайтарамыз. Тегін жұмыс істедік. Туристерді де түсінеміз", - деді есімін жарияламауды өтінген компания өкілі.

Сондай-ақ, компания өкілдері 112-ден ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаны елемеудің себебін түсіндірді.

"Бұл хабарламалар үнемі келеді. "Қазселденқорғау" бар - олар жолды жабады. Біз олардан хабарлама алмадық. Егер жол жабылса, онда бізге ескертілер еді, біз бармас едік. Бізден басқа онда көптеген турфирма болды. Мұндай жауында алғаш рет қалдық", - дейді ер адам.

Компания өкілі түнде қайтып кеткісі келген адамдарға қалаға дейін трансфер берілгенін айтады.

Сұлтан компанияның ақшаның бір бөлігін қайтаруды уәде еткенін растады.

"Иә, юізге үш мың теңге қайтарылатыны айтылды. Алайда, ешкімге берілген жоқ. Алайда біз достарымызбен толық қаражатты қайтарғымыз келеді. Себебі демалысымыз бұзылды", - дейді ол.

ТЖМ кеңестері

Осы жағдайға қатысты Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері де пікір білдірді.

"Қазгидромет", "Қазселденқорғау" дауылды ескертуі негізінде қауіпті аймақтарға көліктердің жүруіне байланысты шектеу қоюылу керектігі туралы ұсыныстар жіберілді. ТЖМ дауылды ескертуді елемеуге болмайтынын және ауа райы қолайсыз кезде жүру жолдары қиынға соғатын аймақтарға бармауға кеңес береді", - дейді ТЖМ өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная