Моңғолия астанасы Ұлан-Баторға ұшып бара жатқан Korean Air ұшағы қатты турбулентті аймаққа түсіп, он төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасап.
KE197 рейсінде барлығы 281 жолаушы болған. Оқиға Инчхон әуежайынан ұшып шыққаннан кейін бір сағаттан соң, ұшақ Қытайдағы Тяньцзинь әуежайының маңында 34 100 фут (10 мың метрден астам) биіктік көтерілгенде болған.
Борт 15 секунд бойы қатты шайқалған. Кейінірек жолаушылардың бірі мәліметтерді X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.
"Турбуленттілік адамдар тамақ ішіп болған кезде басталды. Ұшақ күрт төмендеді, адамдар айғайлап, тамақ ұшып жатты, бәрі шашылды", - деді ол.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!