Торыш алқабынан ерекше тастарды тасығандар жазадан құтылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық блогер Әсет Мырзабаев осыған дейін Маңғыстау облысындағы Торыш алқабынан ерекше тастар (шар тәріздес минералды түзілімдер, конкрециялар) ұрланып жатқанын айтқан еді. Өңірлік полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, тастар орнына қайтарылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық блогер Әсет Мырзабаев осыған дейін Маңғыстау облысындағы Торыш алқабынан ерекше тастар (шар тәріздес минералды түзілімдер, конкрециялар) ұрланып жатқанын айтқан еді. Өңірлік полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, тастар орнына қайтарылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әсет Мырзабаев оқырмандарымен бөліскен видеода Маңғыстау облысында жүргенін және оның көз алдында Торыш алқабында адамдар емін-еркін ерекше тастарды көлікке тиеп жатқанын айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асет и Мухаббат Мурзабаевы (@travelove100)

Бұл видео резонанс тудырды. Осы жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде "шарлар алқабынан" тастарды әкетіп жатқан видео тексерілді. Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтады. Заңбұзғандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар орнына қайтарылады", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл Ай ма, әлде Марс па? Жапондар Маңғыстау өлкесіне неге қызығады?

"Шарлар алқабы" деп аталатын Торыш алқабы жұмбаққа толы. Бұл дөңгелек формадағы тастардың қайдан пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен жұмбақ тастардың пайда болуы туралы бірнеше нұсқа бар. Олардың ғылыми атауы - конкрециялар. Бұл тастардың ішінде химиялық кестедегі барлық элемент болуы мүмкін. Зерттеушілердің сөзінше, бұл тастардың жатқанына бірнеше миллиондаған жыл болған.

Торыш (Торыс) алқабы Батыс Қаратау тауларының солтүстік шетінде Маңғыстау облысының Алтынқазған жерінде, Ақтаудан жүз шақырым жерде орналасқан. Бұл жер туралы толығырақ сілтемеден оқи аласыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная