Топ-5: Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанға туристер ең көп келетін елдер аталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанға туристер ең көп келетін елдер аталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 515,8 мың шетелдік турист келген.

"Статистикаға сәйкес, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мысалы, жақын көршілерден бөлек, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады", - делінген хабарламада.

2024 жылдың алғашқы 6 айында елімізге ең көп саяхатшы Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 186,1 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 69 918 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Үндістан (53 695 адам) жайғасты. Сондай-ақ, үздік бестіктің қатарында Түркия (30 312) және АҚШ (19 597) елдері бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel