Тоңазытқыш, бейне бақылау камералары. Қазақстанда жаңа вагондар пайда болады

Ағымдағы жылдың соңына дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ жоспары бойынша "ЗИКСТО" АҚ шығарған жаңа жолаушылар вагондары жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі

"Вагондар ауа баптау, бейне бақылау және өрт сөндіру жүйесі мен жабдықталған. Тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, ішетін суы бар диспенсер және ыстық су титаны бар. Электррозеткалары орнатылған", - делінген хабарламада.

Жаңа вагондар мен елдің батыс бағытында жүретін құрамдарды жаңарту жоспарланған.

Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап Stadler компаниясының заманауи вагондары жеткізілетіні айтылады.

"Олар экологиялық таза дәретхана кешендерімен, электррозеткаларымен, бейне бақылау жүйесімен, USB, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. 2030 жылға дейін 537 вагон сатып алынады", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!