Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристік бағыттарды қоқыс контейнерлерімен жабдықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Алматы облысы үшін қоқысты кәдеге жарату мәселесі өзекті болып отыр. Барлық туристік маршруттарды контейнерлермен жабдықтап, қоқысты уақытылы шығару мен сұрыптауды ұйымдастыру қажет. Бұл - маңызды мәселе.
Ішкі істер министрлігіне заңсыз қоқыс үйінділерін жасаушыларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырамын", - деді Тоқаев Алматы облысында өткен жұртшылықпен кездесуде.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!