Тоқаев Қытаймен визасыз режим туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен визасыз режим туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен визасыз режим туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Сиань қаласында өтіп жатқан алғашқы «Орталық Азия - Қытай саммиті" өте маңызды тарихи оқиға екенін атап өтті. Президент іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс айтты.

Мемлекет басшысы мәдениет және білім ынтымақтастығын, сондай-ақ туризмді дамыту мәселесіне де назар аударды. Оның айтуынша, жеке адамдардың қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат іскерлік байланыс аясын кеңейтіп, туристер легін арттыруға ықпал етеді.

"Орталық Азия елдерінің мәдениеті - бай, көрікті жерлері де - көп. Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызықты болары анық. Осы орайда мен "Жібек жолы" туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады. Аймақтар арасындағы ынтымақтастық мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Мысалы, шаһарларымыздың өзара бауырлас қала атануы өте маңызды. Кеше Шымкент пен Сиань қалалары және Солтүстік Қазақстан облысы мен Шяньси аймағы арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнады. Сиань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылады. Бұдан бөлек, білім беру және ғылым саласындағы ықпалдастықты нығайту керек. Жастарымыздың тұрақты байланыста болғаны абзал. Біз білікті маман даярлау ісіне және адам капиталын дамытуға баса мән береміз. Қазақстанда әлемдегі үздік техникалық университеттердің бөлімшелерін ашуға күш салып жатырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная